Жалақысы жоғары салалар анықталды - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында үшінші тоқсандағы орташа айлық жалақы мөлшерін есептеп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Статистика департаментінің ақпаратына қарағанда, өңірдегі бір жұмысшының орташа айлық жалақысы 110 853 теңге айналасында болған. Былтырғы үшінші тоқсанмен салыстырғанда, номинальды жалақы индексі 103,5%, ал нақты жалақы индексі 98,2%-ды құраған.

Статистика департаменті өкілдерінің айтуынша, өңірде ең жоғары жалақыны тау-кен өнеркәсібі және кен пайдалану саласындағы жұмысшылар алады. Олардың орташа айлық жалақысы 296 242 теңгені құрайды, яғни облыстағы орташа көрсеткіштен 2,7 есе көп. Екінші орында 204 196 теңгемен қаржы және сақтандыру салаларының қызметкерлері тұр. Көлік және қойма саласының қызметкерлері де алғашқы үштікке ілінген - орташа 179 867 теңге.

Солтүстік Қазақстан облысында жалақыға жарымай отырғандар - өнер, көңіл көтеру, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласының жұмысшылары. Олар облыстағы ең төменгі көрсеткішті, яғни орташа жалақының үштен екісін ғана қанағат тұтып келеді.

Соңғы жаңалықтар