16.03.2023 13:31 Мектеп директорларының жалақысын да өсіреміз - Ғани Бейсембаев АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін мектептегі басшылық лауазым иелерінің айлығы көтерілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.03.2023 10:28 Англияда мұғалімдер тағы ереуілге шықты ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Англияда ұстаздар қауымы тағы ереуілге шықты. Жүздеген мың педагог жалақыларын өсіруді және еңбек шарттарын жақсартуды талап етуді жалғастырып жатыр. 23 мыңнан астам мектеп жұмысын тоқтатып, оқушылар сабаққа бармады. Көшеге мұғалімдер ғана шыққан жоқ. Наразылықтарын білдіргендердің қатарында мемлекеттік қызметкерлер, кіші дәрігерлер, университет оқытушылары және метро жүргізушілері де бар. Бұл соңғы он жылда болмаған еңбек ұжымдарының дауы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 12:11 Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жалақысы екі есе артады АСТАНА. ҚазАқпарат – Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың штат санын ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 17:34 Қазақстанда ветеринар дәрігерлер қанша жалақы алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр ветеринар дәрігерлердің жалақысы 50% артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 14:30 Қауіпті жұмыстарды атқаратын орман күзеті қызметкерлеріне қосымша ақы төленбек АСТАНА. ҚазАқпарат – Қауіпті жұмыстарды орындайтын Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлеріне қосымша ақы төленуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 05:15 Жетісу облысында орташа жалақы 250 мың теңгеден асты ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша Жетісу өңірінде орташа жалақы 250 593 теңгені құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Марат Бөкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 15:51 Биылдан бастап жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы көтерілуі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысын көтеруге қатысты Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 15:14 Бразилия ерлер мен әйелдердің жалақысын теңестіреді РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бразилия ерлер мен әйелдердің жалақысын теңестірмекші. Елде әйелдердің жалақысы ерлердікінен 20% аз болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agencia Brasil-ге сілтеме жасап.
02.03.2023 17:58 Күштік құрылым қызметкерлерінің жалақысы көтерілмек АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде күштік құрылымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.03.2023 04:10 Кәсіпкерлер қызметкерінің жалақысынан ұсталатын бірыңғай төлемді қалай есептейді АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілер жалақыдан стандартты салық салудың орнына бірыңғай төлем төлей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.02.2023 13:29 Әскери саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы өседі АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл әскери саладағы қызметшілердің жалақысы өседі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.02.2023 14:57 СҚО құрылысшылары күніне 90 мың теңге алып жүр ме – вице-министр жауабы АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Солтүстік Қазақстан облысында құрылысшыларға күніне 90 мың теңге айлық төленетіні туралы әкімнің мәліметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.02.2023 16:40 Елімізде 15 мыңға жуық балабақша маманы тапшы АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздегі балабақшаларда 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.02.2023 14:44 Балабақша педагогтерінің жалақысын көтеру қаралып жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеп жүрген педагогтердің жалақысын өсіру бағытында тиісті іс-шаралар пысықталып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20.02.2023 12:29 Биыл ветеринар мамандардың айлығына 35 пайыз үстемеақы қосылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін ветеринария мамандарының еңбекақысына 35 пайыз үстемеақы қосылады. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің Мәжілістің таратылған 7-шақырылым депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.02.2023 02:09 Мардымсыз жалақы салдарынан 30 жылда ел ғалымдарының саны 2 есе қысқарған АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы 30 жылда ғалымдар санының 2 есе қысқаруы байқалады.
14.02.2023 21:40 Атырауда жұмысшыларының жалақысын бермей қойған директор 3,5 жылға сотталды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қызметкерлер жалақысын алаяқтықпен иемденген директор 3,5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13.02.2023 01:24 95 кәсіпорында 1,5 млрд теңгеден асатын жалақы қарызы бар - министрлік АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 95 кәсіпорнында 8,2 мың жұмыскердің алдында 1,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
12.02.2023 01:06 Әскери қызметшілердің жалақысы өседі АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда әскери қызмет ардагерлерімен кездескен Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов сала қызметшілерінің жалақысына қатысты жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.02.2023 12:24 ҚТЖ қызметкерлер жалақысын биыл 20% көтереді АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл «Қазақстан темір жолы» ҰК«АҚ қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 20% артады. Ал алдағы 3 жылда өндірістік персонал жалақысының жиынтық өсімі 81% құрамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.