Жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде өсіп отыруы тиіс - министр
«Келесі мәселе - жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастарын реттеу. Ол реттеу қазір ұжымдық келісімшарт арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан бойынша қазіргі таңда 40 мыңға жуық еңбек шартына қол қойылған. Кей кәсіпорындардың, мекемелердің жұмысшыларды келісімшартсыз жұмысқа алуына көңіл бөлу керек болып тұр. Біздің мәлімет бойынша, қазір олардың саны бір мыңға жуық. Біз енді олармен Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс істеуіміз керек», - деді ол.
Сонымен қатар, министр ең төменгі жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көбейту мәселесі де қаперде екенін айтты.
«Қазіргі таңда 184 мың кәсіпорында 958 мың қызметкердің жалақысы өсті. Ендігі міндет - әкімшіліктермен, кәсіподақ, жұмыс берушілермен бірігіп, осы жұмысты жалғастыру. Жалақы жыл сайын кем дегенде инфляция деңгейінде өсіп отыруы тиіс. Жаппай қысқартуға жол бермеуіміз керек», - деді Б.Сапарбаев.