Жалақы мерзімінде, кешіктірілмей берілуі тиіс - Гүлшара Әбдіқалықова

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жалақы мерзімінде, кешіктірілмей берілуі тиіс. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі кәсіпорын басшыларымен кездескен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Елбасымыздың Nur Otan партиясының ХVІІІ съезінде жаңа әлеуметтік шараларды жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар жүктегені белгілі.

Осыған орай бизнес қауымдастығы еңбек өнімділігін арттыру және индустрияландыруды дамытумен бірге әлеуметтік жауапкершілікті де ұмытпауы тиіс.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың сөзіне қарағанда, көпбалалы аналармен кездескенде, олардың айтатыны - ерлері жұмыс жоқтықтан үйде отыр. Сондықтан көмекке мұқтаж адамдарды назардан тыс қалдырмай, әсіресе, көпбалалы аналарды қолдау, мүмкіндігіне қарай олардың баспана мәселелерін шешуге кәсіпорындардың да үлес қосқаны дұрыс.null

Жиынға қатысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халықтың әл-аухатының жақсаруы экономикаға, ал экономиканың дамуы кәсіпорындардың нәтижелі жұмыс жасауына байланысты екендігін жеткізді.null

Министрдің сөзіне қарағанда, ең бастысы, әлеуметтік шиеленіске жол бермеу қажет. Кәсіпорын қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңа жабдықтар алып, өз өндірісін жаңғыртумен айналысып, тұрақты жұмыс жасап отырса, жалақы да уақтылы төленеді. Ұжымдық келісімшарттағы барлық міндеттер орындалуы керек. Елбасымыз алға қойып отырған талаптарға сәйкес қысқартуды болдырмай, ең төменгі жалақыны тым болмаса инфляция деңгейінде ұстап, жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысын кешіктірмей беріп отыру қажет.null

«Мемлекет басшысы жиі назар аударатын мәселенің бірі - шетелдік және отандық жұмысшылардың тең құқықты болуы. Оларға жағдай бірдей жасалуы керек. Батыс Қазақстан облысында он шақты шетелдік компания жұмыс жасайды. Қазақстанда болғаннан кейін қай кәсіпорын да еліміздің заңнамасын сақтауға міндетті. Басқасын айтпағанда, олардың еңбекақысында айырмашылық болмауы керек. Бас прокуратура тексерген кезде осындай өзгешеліктерді тауып жатады. Сонымен қатар компания өз кәсіпорны ғана емес, сол өңір алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін ұмытпауы керек. Мысалы, көпбалалы аналарды баспанамен қамту мәселесін алайық. Олардың арасында тұрғын үй кезегінде тұрмағандар да аз емес. Міне, өз табыс-мүмкіндіктерін есептей отырып, кәсіпорындар көпбалалы аналарды қолдауға, жұмыспен қамтуға өз үлесін қосып отырса, дұрыс болар еді», деді Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар