Жалақы алып жүрген, жұмысы бар азаматтар ЖК ашып, сол арқылы 42 500 теңге алуға тырысқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 42 500 теңге алу үшін жеке кәсіпкерлік ашып қойған, жұмысы бар азаматтар да бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«42 500 теңге алу үшін жеке кәсіпкерлік ашып қойған, жұмысы бар азаматтар да бар. Олар қазір жұмыс істеп жатыр және жалақысын да алып жүр. Бірақ жеке кәсіпкерлік арқылы аталған төлемді алғысы келеді. Бұлай ету – дұрыс емес. Олардың жалақы алып жатқаны туралы мәлімет біздің ақпараттық жүйеде бар. Ондай өтініштер қабылданбайды және мұндай әрекетке бармағандарыңыз дұрыс», - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.



Соңғы жаңалықтар