Жалағашта күрекпен адам өлтірген жігіт сотталды

None
None
ЖАЛАҒАШ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында темір күрекпен адам өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға барысы былай өрбіген. Сотталушы А. жәбірленуші Д-мен жанжалдасып қалады. Сол жанжал барысында ол жәбірленушінің бас сүйегінің маңдай тұсынан темір күрекпен соққы жасайды.

«Осылайша жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген. Алған жарақатынан жәбірленуші көз жұмды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлім етті Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі.

Жалағаш аудандық сотының үкімімен сотталушы А.-ға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.

Бұдан бұрын параны банк карточкасына аударуды талап еткен полицей жазаланғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар