Жалағашта домбырашылар шеруі өтті

None
None
ЖАЛАҒАШ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында «Домбыра-думан» атты домбырашылар шеруі өтіп, бір мезгілде 100 өнерпаз Құрманғазы күйлерін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға әуез мектебі мұғалімдері, оқушылары, этно топ домбырашылары, «Мұрагер» домбырашылар ансамблінен құралған өнерпаздар қатысты.

null«Өңірдің өзіндік келбеті мен ерекшелігін, мәдени, рухани байлығы мен тарихи ізгі қадамдарын жұртшылыққа насихаттау бағытындағы осы игілікті шараны қолға алып отырмыз. Халқымыздың мәдениеті мен музыкасын дамыту, өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудегі бұл шараның маңызы зор»,- деді аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тәжмаханов.

Шара барысында өнерпаздар «Ерке сылқым», «Көрұғлы», «Күрішшілер биі», «Машботой», «Әлқисса», «Сал күрең», «Нар ағаш» туындыларын жекелей орындады. Ал Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін 100 домбырашы бір мезетте көпшілікке тарту етті.

 

Авторы: Әділжан Үмбет 

Соңғы жаңалықтар