Жалағашта аудандық аурухана құрылысы басталды

None
None
ЖАЛАҒАШ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында аудандық аурухана құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Жалағаш ауданында 37 мыңға жуық адам тұрады. Десе де онда жергілікті тұрғындарға заманауи деңгейде қызмет көрсететін аурухана болмай келді. Сол түйткілдің түйіні жақын уақытта шешілетін болды.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету шарт екені көрсетілген.

Жалағаш аудандық ауруханасының іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

Аймақ басшысы аталмыш шараға жиналған жұртшылықты Қасиетті Рамазан айы және жаңа аурухана құрылысының басталуымен құттықтады
null

«Кеше өңірімізде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұмыс сапарымен болды. Мемлекет басшысы Сыр өңіріндегі елдің әл-ауқатын еселеп, халқымыздың бақ-берекесін арттырған өңір екенін айтып, біздегі кәсіпкерлік, индустрияландыру, құрылыс жұмыстарына оң бағасын берді. Бұл бағалауда Сіздердің баршаңыздың туған жерімізді дамытуға қосқан өлшеусіз үлестеріңіз бар екенін атап өткім келеді. Жалағаш ауданында да сол игілікті істі жалғастырып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында 100 орындық жаңа аурухана құрылысын салуды бастағалы отырмыз. Ауданда жаңа типтегі, заманауи құралдармен жабдықталған аурухана салу өзекті мәселелердің бірі еді. Бұрынғы орталық аурухана 1997 жылы асар әдісімен салынған. Біздің міндетіміз - халықты сапалы және қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз ете отырып, заманауи аурухана, емханаларда ем алуына жағдай жасау», - деді аймақ басшысы.

Аудан тұрғындарының өзекті мәселесінің шешім тапқаны үшін денсаулық сақтау саласының ардагері Сахы Қалыбаев облыс әкіміне алғысын білдірді.

Айта кетейік, аурухана құрылысын аяқтау 2020 жылға жоспарланып отыр.
null

Соңғы жаңалықтар