+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Жалағаш күріші экспортқа шығарыла бастады

2020 жылғы 19 қазан 04:23
Бөлісіңіз:
Жалағаш күріші экспортқа шығарыла бастады

ЖАЛАҒАШ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының диқандары күрішті Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанға экспортқа шығара бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл ауданда 36,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның күріш 21,6 мың гектарында күріш өсірілді. Жергілікті диқандар күрішті толықтай орып, оны бастырды.

Жыл басынан бері ауданнан экспортқа 5 067 тонна күріш шығарылды. Оның ішінде Ресейге 1 673, Қырғызстанға 680, Өзбекстанға 2 306, Тәжікстанға 408 тонна жөнелтілді. Биыл ауыл шаруашылығы өнімін өндіру әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің болжамына сәйкес 19,5 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.

«Ауданда күріш саласындағы ірі кәсіпорынның бірі «Агро Холдинг Қызылорда» ЖШС өңірде 42 шаруашылық нысанымен 1 млрд 28 млн теңгеге фьючерс келісімшартан жасады. Ол 14 692 тонна. Оның ішінде, аудандағы 22 шаруашылық 364 млн теңге немесе 5 201 тонна қара күрішке фьючерс келісімшартын жасады. Қазіргі таңда шаруашылық құрылымдары келісім-шартқа сәйкес күріш өткізуде», - деді аудан әкімі Асылбек Шәменов.

Айта кетерлігі, Жалағашта бронь кеудеше мен әскери дулыға (каска) жасайтын өндіріс орны бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT