+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жалағаш ауданында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындар түгелдей екпемен қамтылды - Қызылорда

2021 жылғы 26 қазан 06:22
Бөлісіңіз:
Жалағаш ауданында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындар түгелдей екпемен қамтылды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жоспарланған екпе қабылдауға қабілетті 19375 адам толықтай екпе салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда вакцинация паспортын сатқан медбике ұсталды Ақтөбенің бас ұстазы оқушы қызын вакцина салдыруға ертіп барды Ақмолалықтардың 50 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды

Өңірде коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдей түсті. Десе де Қызылорда облысы «сары» аймақта тұр. Аймақта карантиндік шаралардың қатаң сақталуы басты назарға алынған. Оған қоса вакцинациялау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

«Нәтижесінде осы тәулікке дейін облыс тұрғындарының 78,4 пайызы (354 536 адам) екпенің алғашқы компонентін алса, екіншісін 284 957 адам салдырды. Екпе салдырудан аудандар арасынан Жалағаш (19375) алда келеді. Ал облыс орталығындағы №1 қалалық емхана (25256 адам) аумағы көш бастады. Олар бойынша бірінші компонент бойынша екпе қабілетті адамдар толықтай қамтылды. Облыстар арасында вакцина алу бойынша Қызылорда облысы республикада бесінші орында келеді», - деп жазылған өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.

Еске салсақ, Қызылорда облысында вакцина алғандардың 0,4% коронавирус жұқтырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT