+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Жала жабу туралы заңнаманы көп адам біле бермейді - Дәурен Абаев

2019 жылғы 23 тамыз 16:45
Бөлісіңіз:
Жала жабу туралы заңнаманы көп адам біле бермейді - Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жала жабуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әр балаға - 11 мың теңге: Желіде тараған қауесетке қатысты министрлік түсінік берді Шымкентте Әділет департаменті қызметкерлері борышкерлердің шетелге заңсыз шығуына жол берген Есірткі пайдаланған павлодарлық теракт туралы жалған хабар таратқан

« Елбасының «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысында айтқан жала жабуға жазаны күшейту туралы тапсырмасы кеңінен талқы лануда . Әсіресе, азаматтардың абырой-беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат тарататын көптеген анонимдік дереккөздер, жалған аккаунттар мен парақшалар Елбасының алаңдаушылығын тудырып отыр. Бүгінде бұл - жалпыәлемдік үрдіс және демократиясы дамыған мемлекеттердің өзі жала жабу туралы норманы күшейтіп жатыр. Германияда жалған хабар таратқан басылымды 50 млн еуроға айыппұл салу , БАҚ қолдану арқылы жала жа пқаны үшін 5 жылға бас бостандығынан шектеу сынды түзетулер қабыланды. Тіпті әлеуметтік желілердің әкімшіліктері фейк ақпаратпен күрес механизмін енгізіп жатыр » , - деді Дәурен Абаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық к одексінде қасақана жала жабуға қатысты екі бап бар.

« Қылмыстық к одексте те Жала жабу туралы 130-бап және қасақана жалған ақпарат тарату туралы 274-бап бар. Өз сөзінде Елбасы БАҚ пен телекоммуникация желілері қатысқан жала жабуды айтып отыр. ҚР ҚК 130-бабында 2 мың АЕК айыппұл немесе екі жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ал адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр қылмыс жасады деп айыптаса, 3 мың АЕК айыппұл немесе 3 жылға жыл бас бостандығынан айыруы мүмкін. 274-бап бойынша, ең ауыр жаза - төтенше жағдай кезінде немесе соғыс жағдайында жалған ақпарат тарату үшін жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру « , - деп түсіндірді министр.

Спикер жала жабуға қатысты заңнамалардың қолдану аясы төмен екенін жасырмады.

« Заңға сәйкес, б ү кіл құралдар болса да, оны қолдану аясы төмен. Сондықтан, жұмысымызды осы арнаға бұрамыз. Қазақстанда 100-ден астам адам екі баппен өз құқықтарын қорғады. (...) Тапсырма екі күн бұрын берілді. Біздің мамандар бұл мәселені мұқият зерттеп жатыр. Міндетті түрде Бас прокуратурамен, Жоғарғы сотпен, құқық қорғау органдарымен және Нұр Отан фракциясымен бірлесе жұмыс жүргізіледі. Халықаралық тәжіриб еге назар аударылады . Жалпы алғанда, екі бап әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Сондықтан, бар назарды қолданбалы тәжірибеге аударып, оны жетілдіре түсеміз. Барлық ұсыныстарды жариялаймыз және жұмыс топтарымен, ведомтсвоаралық ком мис иямен, құқық қорғау органдарымен бірге талқылаймыз. Жала жабумен күресте Қазақстан азаматтары шет қалмауы тиіс. Өкінішке қарай, бұл мәселе әрқайсысымыздың басымыздан өтуі мүмкін « , - деді Д. Абаев.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT