+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Жақып Асанов Түркістандағы бірқатар нысандарды аралады

2019 жылғы 28 қыркүйек 12:26
Бөлісіңіз:
Жақып Асанов Түркістандағы бірқатар нысандарды аралады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының «Open Space» форматында ашылған қоғамдық қабылдау кеңсесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат обылс әкімінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала орталығында орналасқан кеңседе облыс тұрғындары электронды түрде арыз-шағымын тіркетіп, тиісті жауабын ала алады. Қонақтарды қоғамдық қабылдау кеңсесімен партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Осы орайда, Қоғамдық қабылдау тұрғындардың шешімін таппаған мәселелерін шешуге атсалыспақ.


Айта кетейік, мұндай форматтағы қабылдау облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Түркістанда ашылып отыр. Он күннің ішінде «Open Space» форматында ашылған қоғамдық қабылдауға 184 азамат өтініш білдірген. Сондай-ақ дәл осы жерде аймақ басшысының өзі де халықпен кездесіп, олардың мәселесін шешуге ықпал етеді.


Сондай-ақ жоғары сот төрағасы облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының бастамасымен ашылған Түркістан облысының аймағын дамыту жобалық кеңсесінің жұмысымен танысты. Жобалық кеңсе бүгінде 2 мыңнан астам жобаны іске асыруда. Заманауи жобалық тәсілдерді практикада қолдана отырып, мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу де - ж обалық кеңсенің басты міндеті. Мұндағы жұмыс барысымен танысқан еліміздің бас судьясы дәл осындай орталықтардың санын арттырып, алдағы уақытта жастарды көбірек жоба жасауға тарту керек екенін айта өтті.


Сонымен қатар Жақып Асанов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге облыстық сот ғимаратының іргетасын қалады. Жоспарға сәйкес, жобаның құрылысы 2021 жылы толық аяқталмақ.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT