Жақып Асанов: Судьялар халық тілінде сөйлеуі керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғарғы сотта ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген мәжілісі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов бүгінгі таңда заман талабы Қазақстанның сот жүйесіне қандай міндеттер жүктеп отырғанын айтты.

«Халықаралық мамандар Қазақстанда сотқа жүгіну жеңілдеп, онымен қатысты шығындардың азайғанын айтады. Расымен де бұрын азаматтар бір іс бойынша 2 жыл жүретін болса, қазір процестердің көбі бір жылдан аспайды. Арыздардың 90 пайызы интернет арқылы түсетін болды. «Doing Business1 рейтингіне сенсек, сот процестеріне қатысушыларға жағдай жасау бойынша әлемде төртінші орында тұрмыз. Дегенмен, ел Президенті сот жүйесіне бірқатар сын айтқан болатын. Сот процесіне қатысушыларға жағдай жасаудан бұрын, судьяларға деген ел сенімін арттыру керектігін тапсырды. Ал судьяларға сенім қабылдаған шешімдері негізді болғанда ғана қалыптасады. Тараптар үкімнің әрбір уәжіне жауап табуы керек. Судья өз шешімін жариялағаннан кейін заңның қасаң тілімен емес, халықтың тілімен түсіндіріп беруі керек. Сонда ғана жоғарғы сатыларға арыз жаудыру азаяды», - деді Жоғарғы сот төрағасы.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа сот жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырған болатын.

Алдағы 2,5 жылдың ішінде сот жүйесі лайықсыз кадрлардан толық тазартылмақ.

Соңғы жаңалықтар