Жақып Асанов прокурорлардың бұрынғы және бүгінгі жұмыс айырмашылықтарын атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов прокуратура бұрын қалай жұмыс істегенін, бүгін қалай жұмысын жаңартқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Прокуратураның миссиясы не?» деген сұраққа жауапты көп іздедік. Ең күрделі жұмыс та осы болып шықты. Нақтылық болмай, жауапкершілік ауқымы айқындалмағаннан кейін біз жүйенің сыр бере бастағанын сездік. Құшағымызға сыймайтынды сыйдыру - міне, біздің міндет осы деп білген кездер болды», - дейді Жақып Асанов Астанада өтіп жатқан «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігінің болашағы: ізгілендіруден өзгерістерді басқаруға өту» атты халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, бір кездері прокурорлар алпысқа тарта бақылаушы органның міндеттемесін атқарған.

«Қашан, қайда, нені  тексеру керектігін өзіміз білетін шақтар болды. Прокурорлар тіпті мектептегі, балабақшадағы жылу жүйесін тексеріп, тіпті тендер мен жеке бизнес түгілі мектеп журналын тексеріп те жүрді. Әркім өзінің фантазиясына қарай тексере беретіндіктен, жұмыстың ақырғы нәтижесі көңіл қуанта қоймайтын», - дейді ол.

Оның атап өтуінше, Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістер прокурорлардың басты миссиясын айқындап, «Прокуратура туралы» заң қабылданған.

«Ендігі кезекте прокурор өз еркімен бизнеске оңды-солды тексеру жүргізе алмайды. Әрине, әртүрлі жағдайлар туындауы мүмкін, бірақ тексеруге ең алдымен Бас прокурордың өзінің рұсқаты керек. «Прокуратура туралы» заң толығымен жаңғыртылды. Ендігі кезекте ол прокуратураның жаңа конституциялық қызметін паш ете отырып, кеңестік кезеңнен бері жаңартылмаған прокуратуралық жүйені бекіттік. Бұл құрылым дамыған елдердің құрылымына өте ұқсас», - деп түйді Жақып Асанов.

Еске сала кетсек, аталмыш халықаралық конференция Еуропалық одақтың үшжылдық «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қорытындысына арналып отыр (EUCJ).

Атамыш конференцияда сондай-ақ Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов түрмедегілер санын 100 мыңнан 32 мыңға дейін қалай азайтқанын айтып берген еді.

Соңғы жаңалықтар