Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

Жақып Асанов Президент сайлауында сотқа қандай арыздар түскенін айтты

2019 жылғы 10 шілде 19:44 861
Бөлісіңіз:
Жақып Асанов Президент сайлауында сотқа қандай арыздар түскенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 10 маусымында өткен ҚР Президентінің сайлауы кезінде сотқа президенттікке үміткерлер мен олардың өкілдеріннен 67 талап-арыз түсті. Бұл туралы бүгін судьялардың кеңейтілген кеңесінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Расында да құқық бұзушылық орын алды. Оны өздеріңізде БАҚ-тан білесіздер. Ал көбінесе біреу басқа біреудің атынан бюллетень алып, дауыс беру құқығын бұзушылық көп болды. Менің білуімше, прокуратура органдары 26 әкімшілік іс қозғап, оларды сотқа енгізді. Олар бойынша біз барлық кінәлі тұлғаларды тиісті жауапкершілікке тарттық. Ол көбіне - айыппұлдар. Оның басым көпшілігі сайлау  комиссияларының мүшелері, ішінде тіпті төрағалары да бар», - деді Жақып Асанов БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, сайлау  кезінде тек байқаушылар ғана емес сонымен бірге президенттікке үміткерлер, олардың өкілдері талап-арыздарын берген.

«Жалпы олардың саны - 67-і.  Осы талап-арыздардың басым көпшілігін судьялар кері қайтаруға мәжбүр болды. Өйткені біздің азаматтық іс жүргізу кодексіміздің талаптары бар. Соған сәйкес жазылған талап-арыздың формасы, мазмұны заңға сәйкес болуы керек. Көп жағдайда талап-арыздың авторлары оны сақтамаған. Мысалы жауапкерді көрсетпеген немесе мен бақылаушымын, президенттікке үміткердің өкілімін деп жазғанымен  мәртебесін дәлелдейтін құжаттарды тіркемеген. Не болмаса сол талап-арызда өздерінің нақты бір өтінішін, талабын  жазбаған. Ондай жағдайда біз әрине арызды кері қайтаруымыз керек. Судьялардың ондай талап-арыздарды қарауға құқы жоқ. Жалпы, әрбір іс бойынша шешім қабылданды. Ал ол шешім  заңды ма, заңсыз ба? Шынымды айтсам, менің оған баға беруге құқым жоқ», - деді  Жоғарғы сот төрағасы.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT