Жақып Асанов: Біз көп сөйлеуге мәжбүр болдық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент қарауында сотқа қатысты мәселелер көзделген 7 заң жобасы жатыр. Бұл туралы бүгін судьялардың кеңейтілген кеңесінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтырдан бері бізде өте көп шара болды. 10-нан астамы тікелей эфирде өтті. Сол кезде «Жоғарғы соттың басшылары неге көп сөйлей береді, көп сөйлегенше соның барлығын іске асырмай ма?» деген әңгімені естідік. Әрине, оның барлығын біз айта алмадық. Бірақ, оның себебі болды. Ең басты себебі біз өзіміздің бағдарламаларымызды жазғаннан кейін жағдайды жақсарту үшін біраз заңды өзгерту қажеттілігі пайда болды. Ал енді оны өзгерту үшін сол мәселеге қатысты барлық мемлекеттік органдардың, басқа құрылымдардың келісімі керек. Кейбір мемлекеттік құрылымдар бізбен келіспей қарсылық білдіріп жатты. Сондықтан біз көп сөйлеуге мәжбүр болдық. Өйткені өзіміздің ұстанымызды дәледеу керек болды», - деді ол2019 жылдың 1 жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы қаралған кеңесте.

Осы орайда, ол 2018 жылдың қараша айында Елбасы жиын өткізіп, онда судьяларды сынағанын және нақты тапсырма бергенін айтты.

«Содан кейін біздің заңдарымыз алға жылжыды. Заң жобалары Мәжіліске енгізілді. Мәжілісте, Сенатта қаралды, күшіне енді. Жалпы 6 заң күшіне еніп, қазір өзінің нәтижесін беріп жатыр. Басым бөлігі әлі Парламент қарауында. Бүгінгі күні Парламентте 7 заң жобамыз бар. Олардың барлығында да сотқа қатысты мәселелер қаралған. Сондықтан олар да біздің жұмысты біраз алға ілгерлетеді деген сеніміз бар», - деді Жақып Асанов.

Соңғы жаңалықтар