Жақып Асанов: Биік мақсаттарға жету үшін жастар өз ісінің шебері болуы керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде үздік студенттермен кездескен Бас прокурор Жақып Асанов жастарға мақсат қоюдың маңыздылығы, арманға жету үшін аянбай еңбек ету керектігі, өмірде бір саланың маманы болу қажет екені туралы әңгімелеп берді.

«Әрбір азамат өмірінде өзінің қолынан келетін істі тауып, оның шебері, маманы, майталманы болуы тиіс. Оған жету үшін әрбір адам өзін-өзі дамытуы, белсенді болуы, алға ұмтылуы керек. Ұмтылыс дегеніміз  дұрыс жоспар құрып, барыңды, жаныңды салып, соны орындауға тырысу. Өзіңді өзің қайрап, қинамасаң, алға жылжу деген ешқашан болмайды»,-  деді ол.

Ж.Асанов жастарға өз жұмысына беріліп, ерінбей оқып, тер төккенде ғана бір саланың маманы, шебері болып шығатындықтарын ескертті.

Сонда сендерге міндетті түрде сұраныс та болады, жағдайларың да жақсарады. Қазіргі тамаша заманда өмір сүріп жатырсыздар. Еліміз тәуелсіз, барлық елдермен тереземіз тең. Білім аламын, өсемін, адам боламын деген жастарға барлық мүмкіндік бар. Тек болашақтарыңа балта шабатын нәрселерден аулақ болыңдар», - деді Бас прокурор.

Соңғы жаңалықтар