Жақып Асанов ақтөбелік оқушыларды теріс идеологияның құрбаны болмауға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе оқушыларымен кездескен ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов оларды жаман әдетке ұрынбауға, теріс идеологияның құрбаны болмауға шақырды.

«Сендер әлі жассыңдар. Ересек өмірге бір-екі жылда аттанасыңдар. Осы кезден бастап болашақты ойлап, жаман нәрседен алыс жүріңдер. Экстремистер әлсіз, санасы қалыптаспаған, көнгіш, сенгіш жастарды өздеріне тартып жатыр. Ақша беріп, сеніміне кіріп жатқан жағдайлар аз емес. Оның арғы жағы белгілі. Саналарын әбден улап, қолдарына қару ұстатып, қылмысқа итермелейді. Өздері терактіні тек сырттан бақылап, аңқау жастарды өлімге жұмсайды. Қолжаулық ретінде пайдаланады», - деп атап өтті Ж.Асанов.
Сондықтан Бас прокурор оқушыларға келешегі жарқын болуы үшін бойларын экстремизм, терроризм деген бәледен аулақ ұстауға шақырды.
«Өмір көрген, жасы үлкен, жаны ашитын ағаларың ретінде айтамын. Түбінде бұл проблема шешіледі. Бүкіл әлем оларға қарсы шығып, бұл қауіп тамырымен құриды. Бірақ, сол екі ортада талай адам құрбан болуы мүмкін. Қателеспейтін адам болмайды. Жас адам максимализмге ұрыншақ. Сондықтан біз бұның алдын алайық, халыққа түсіндірейік, жастарға дұрыс бағыт берейік деп алдарыңызға келіп отырмыз», - деді Бас прокурор.

Соңғы жаңалықтар