Жақында Оразақ ауылында тағы қосымша 24 отбасы пәтерлі болмақ - Ақмола облысы (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - БүгінАқмола облысының әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болып, көктемгі су тасқынына зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын тексерді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Қосшы ауылында болған өңір басшысы осында салынып жатқан 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына назар аударды. Қазіргі кезде аталған үйдің сыртқы канализация және сумен жабдықтау жүйесі тартылып, абаттандыру, асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталған. Тек ішкі әрлеу жұмыстары қолға алынған.

Дәл осындай 45 пәтерлі тұрғын үй Ақмол ауылында да салынып жатыр. Бұл үйлердің де сыртқы инженерлік желілері тартылып, ауласы абаттандырылған.

Сонымен қатар, өңір басышысы Оразақ ауылындағы тұрғын құрылысына да назар аударды.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылы көктемгі су тасқынынан Целиноград ауданында 200-ден астам тұрғын үй жарамсыз болып қалған еді. Қазірігі кезде, табиғат апатының зардаптарын жою бағытында Оразақ ауылында екі пәтерлі 100 үйдің (200 отбасына арналған) құрылысы қызу жүргізілуде.

Қаржыландыру мәселесі де толық шешілген. Жақында 46 үй пайдалануға беріліп, 92 отбасы баспаналы болған еді. Оған қоса, 12 үйдің құрылысы аяқталып, тапсырылғалы тұр. Бұл жақында тағы қосымша 24 отбасының пәтерлі болатынын білдіреді.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі Сергей Кулагин салынып жатқан үйлердің сапасына назар аудара келе, мерзімінде пайдалануға беруді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар