+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жақында алғашқы пациенттерді қабылдайды – Сағынтаев Halyk Arena туралы

2020 жылғы 11 шілде 16:48
Бөлісіңіз:
Жақында алғашқы пациенттерді қабылдайды – Сағынтаев Halyk Arena туралы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында Halyk Arena госпиталінде дайындық қалай жүріп жатқанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов ұстаздарға жеке-жеке хат жолдады Қазақстанда коронавирус жұқтырған  25 182  адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді

Әкім жалпы қаладағы инфекциялық және провизорлық ауруханаларға қосымша орындар ұйымдастыру туралы жазды.

«Қаладағы жұқпалы және провизорлық стационарлар үшін қосымша ашылуға тиіс орындардың ұйымдастыру барысымен таныстым. Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған стационар ашылады. Соның ішінде реанимациялық 60 орын ашылады. Дайындық барысында санитарлық қауіпсіздіктің ең қатаң талаптары ескеріледі. Таза және лас аймақтарға арналған шлюздер мен туннельдер, желдету және залалсыздандыру жүйелері орнатылды. Кезең-кезеңімен медициналық жабдықтар орнатылады. Дәрігерлік бригадалар дайындалуда. Жақында арада бұл жер алғашқы пациенттерді қабылдайды», - деді Б. Сағынтаев.


Сондай-ақ, жақында Жарбосынов атындағы урология ҰО-ы базасында 150 орынға арналған инфекциялық стационар ашылатын болады. Бүгінде қоғамдық денсаулық басқармасы орналасқан ОҚК корпусында қосымша орындар ашылады. Сондай-ақ жұқпалы аурулар ауруханасында да қосымша орындар ашу көзделген. №4 перзентхананың жаңа ғимаратын пайдалануға беру тездетіледі. Психоневрологиялық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Бір айдан кейін бұл жер жұқпалы аурулар стационарына айналады. Осы аралықта басқа да нысандар, соның ішінде қонақ үйлер, санаторийлер мен жатақханалар дайын болады.

«Қабылданған шаралардың арқасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қажетті орындар резерві құрылатын болады», - деді ол.

Бүгінде Алматыда қауіпті індетті жұқтырған науқастарды емдеу үшін 4 669 орынға арналған 21 медициналық ұйым жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT