Жақында әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты міндеттері айқындалады - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты міндеттері айқындалатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі маңызды бағыттарға баса мән беруіміз керек. Бірінші бағыт - халықтың табысын арттыру. Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ең алдымен, өсім бізге не үшін қажет екенін терең түсінуміз керек. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұтуы үшін экономикалық өсім болуы тиіс. Таяу арада Үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы нақты міндеттерді айқындаймыз» , - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар