Жақын болашақта ауылдық аймақтардың медицина мамандарына деген қажеттіліктерін толық қанағаттандырамыз - Денсаулық сақтау министрі

None
None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылы медицина мамандарын дайындауға 6 мың грант бөлінді.


Келесі жыл бұл көрсеткіш 605 мыңға жетпек. Сөйтіп біз  еліміздегі дәрігерлерге деген сұранысты толық қанағаттандыратын боламыз. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-шаралары мен «Жол картасы» бағдарламаларына байланысты өткен жиында Денсаулық сақтау министрі  Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Отырыс барысында депутат Тито Сыздықов Премьер-Министрге еліміздің ауылдық аймақтарында дәрігер мамандардың тапшы екендігін айтып, аталған мәселені шешу үшін Үкімет қандай шаралар атқарып жатыр деген сауалын жолдаған болатын. Аталмыш сауалға жауап қайтарған Денсаулық сақтау министрі бұл проблеманы шешу үшін министрлік барлық мүмкіндіктерді қарастырып отырғандығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар