Жақын арада салық төлеушілер салықты Интернет арқылы төлейтін болады

None
None
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті «Салық төлеушінің кабинеті» атты web-қосымшаның таныстырылымын өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жоба аталған ведомство мен Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен бірлесе жүзеге асырылды.

«Салық төлеуші банкке бармай-ақ  Интернет арқылы электрондық кілтімен «Салық төлеушінің кабинеті» атты web-порталға кіріп, барлық салық түрлерін төлей алады. Бұл өте қолайлы. Атап айтқанда, бұның бір талабы бар, ол - Visa және MasterCard төлем карталары болуы керек. Сондықтан бұл қызметті жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қолдана алады. Ал заңды тұлғаларға осы қызметті алдағы жылы қарастыратын боламыз»,-деді таныстырылым барысында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті  төрағасының орынбасары Әнуар Жұмаділдаев.

 Жобаны ұйымдастырушылардың мәліметіне қарағанда,  бүгінде елімізде салық алымдарының және басқа да міндетті төлемдердің 140 түрі бюджетте бар.

Соңғы жаңалықтар