+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Жақын арада педагогтар жалақысы өседі - Асхат Аймағамбетов

2021 жылғы 19 тамыз 12:09
Бөлісіңіз:
Жақын арада педагогтар жалақысы өседі - Асхат Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді.

Ұқсас жаңалықтар
Алдағы 2 жылда дәрігерлердің жалақысын өсіруге қанша қаржы бөлінеді Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтіндер саны 2 есе азайды

Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың қаңтарында балабақша мен мектеп, колледж педагогтарының жалақысы тағы 25 пайызға өседі. 2021 жылдың қыркүйегінен педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді. Бұл тақырып бойынша талқылау мен пікіралмасулар болды. Талқылау нәтижесінде тиісті бұйрыққа жақында қол қойылды», - деді министр.

Осы орайда бұған дейін педагогтарды жұмысқа қабылдауды директор жүргізсе, енді бұл қадамдар электронды форматта конкурс артқылы іске асырылады. Бұл ретте нақты көрсеткіштер мен өлшемшарттар бойынша мектеп пен комиссия педагогты қабылдау тұрғысында шешім қабылдайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл педагогтардың құқықтарын бұзу туралы жүзден астам өтініш қаралды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT