#ЖақсылықЖаса: Жеті баланың анасына кәсіпкер жаңа пәтер сыйлады - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық жеті баланың анасына Жандар Садықов есімді кәсіпкер Целиноград ауданынан пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Қарабаевтар отбасын жаңа пәтер алуымен құттықтаймын. Жаңа баспаналары отбасына бақыт және құт әкелсін! Шынымды айтсам, мен үшін бұл күндері оңай болған жоқ. Дегенмен, аталмыш отбасына қуаныш сыйлай алдым деп ойлаймын», - деді Жандар Садықов.

Кәсіпкер Қарабаевтар отбасына Қосшы селолық округіндегі «Шоколад» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтердің кілтін тапсырды.

Жандар Садықов аталмыш пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізетінін, сондай-ақ, #жақсылық эстафетасы жобасы шеңберінде өзге мұқтаж отбасыларына сый жасайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар