#ЖақсылықЖаса: Жаңөзендік жастар көше тазалаушыларға ыстық шай мен тәтті таратты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзендік жастар «Мейірімді жүрек» акциясын ұйымдастырып, көгалдандыру мекемесінің қызметкерлеріне ыстық шай мен тәттілер ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада жастар 200-ге жуық қызметкерге ыстық шай мен тәтті таратты. Қала белсенділері бұл жандардың орны бөлек дейді. Өйткені, олар таңның атысы, күннің батысы демей, қала тазалығы үшін үлкен жауапкершілікпен қызмет етіп жүр. Игі шараны ерікті жастар алғаш рет өткізіп отыр.

«Мейірімді жүрек» акциясы қыс айында қолға алынып жатыр. Біз, ерікті жастар, бұл шараны бір айда үш рет ұйымдастырып, өткізгіміз келеді. Алдағы жаз мезгілінде де тазалық сақтап, күні-түні еңбек етіп жүрген осы жандар үшін ауқымды шара өткізуді қолға аламыз»,-дейді ұйымдатсырушы Қыдырқожа Аханов.

Көше тазалауда 10 жыл еңбек еткен Рахат Өткінбаева қыстың суық күндерінде қамқорлық көрсетіп, назар аударған жас буынға риза болды. Қуанышқа бөленген ол волонтер жастарға алғысын айтты.

null null null null null null

Соңғы жаңалықтар