#ЖақсылықЖаса: Сандықтауда мұқтаж жандар үшін қайырымдылық сөресі ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданында «#ЖақсылықЖаса акциясы шеңберінде кез келген тұрғын сатып алған тауарын мұқтаж жандар үшін дүкен сөресіне қалдырып кетуіне болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сандықтау ауданында «Қайырымдылық сөресі» жобасы бастау алды. Ақпанның 20-сында Балкашино ауылындағы «Алматинка» дүкенінде «Қайырымдылық сөресі» ашылды. Арнайы орнатылған сөреде: «Мұнда тегін азық - түлік алуға болады. Бұл шынайы жүректің қалауы бойынша жасалып отыр!» деп жазылған.

«Сөреге кез келген адам өз қалауымен мұқтаж жандар үшін нан, консерві, сүт, макарон және өзге де азық-түлік өнімдерін қалдыруға болады», - деп жазды Сандықтау ауданының әкімі Асылбек Исмағамбетов өзінің инстаграм парақшасында.

Осындай тағы бір «Қайырымдылық сөресі» Балкашинодағы «Ольга» дүкенінде де ашылған болатын.

«Балкашинодағы «Ольга» дүкенінде әрқайсымыз жақсылық жасай аламыз. Ол үшін азық-түлік сатып алып, «Қайырымдылық сөресіне» қалдыруға болады. Өмірдің қиын жағдайына душар болған кез келген адам осы сөреден өзіне қажетті тауарды тегін ала алады», - дейді аудан әкімі әлеуметтік желідегі жазбасында.

Еске сала кетейік, Қазақстан бойынша қолға алынған #ЖақсылықЖаса акциясы шеңберінде еліміздегі кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар мұқтаж жандар мен аязды күні жолда қалған адамдарға көмектесуде.

Соңғы жаңалықтар