#ЖақсылықЖаса: Өскемен мешіті аязды күні тегін автобус шығарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде жолаушыларды қала ішіне тегін тасымалдайтын автобус жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Өскеменде ауа температурасы минус 37 градусты көрсетіп тұр. Осыған байланысты Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Өскемен аймақтық өкілдігі жолаушыларды тегін тасымалдайтын автобус шығарды.

«Бүгін күн жұма. Ал күн болса суық. Осыған орай қаланың бір шетінен екінші басына дейін қатынайтын №46 бағдарлық бір автобусы таңғы сағат 6.00-ден 15.00-ге дейін тегін қызмет көрсетеді. Аяз сақталса, келесі жұмада да бұл акция жалғасуы мүмкін», - дейді «Зекет» қорының өкілі.
null

Тұрғындар акцияның аязды күні қолға алынғанына риза.

«Мен іссапарға бару үшін аялдамаға ерте шыққанмын. Тегін автобуспен жетіп риза болдым. Мешіт өкілдері бұл акцияны дер кезінде қолға алып отыр», - дейді қала тұрғыны Айгүл Базарова.

null

Соңғы жаңалықтар