#Жақсылықжаса: Маңғыстаулықтар көпбалалы анаға үй алып берді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Людмила Смағұловаға қайырымды жандар үй алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Людмила Смағұлова 7 баланы бір өзі тәрбиелеп отыр. 10 жылдан астам уақыт әркімнің босағасын паналап жүрген. Көптен аңсаған баспанаға қайырымды жандардың көмегімен қол жеткізді.

Тұрғын үйді сатып алуға «Біз адамбыз - біз біргеміз» қайырымдылық қоры көмектескен. Қор мүшелері ананың жағдайын көпшілікке жариялап, халықтан көмек сұраған.

Батыр ана мұң-мұқтажын елеген азаматтарға алғысын айтты.

«Барлығына рақмет айтқым келеді. Көп адамдар көмектесті. Қаншама халық естіп, тамақты да, киімді де әкеліп жатты», - дейді Людмила Смағұлова.null

Қазір үйге жылу жүйелері тартылуда. Керек-жарақпен қамтылған соң, отбасы толық қоныстанбақ.

«Қазіргі кезде көпбалалы, жалғыз басты аналарға көмектесеміз. Қордың жұмыс жасап жатқанына 10 жылдан асты. Қазір бізде қиын жағдайда өмір сүріп жатырған 30 отбасы бар. Соларға тамақпен, киіммен жәрдесудеміз»,-дейді қор директоры Иманғазы Досмұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар