#ЖақсылықЖаса: Құтқарушылар бір күндік жалақысын иісті газды анықтайтын құрылғы сатып алуға жұмсады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қалалық ТЖД қызметкерлері өз ақшаларына иісті газды анықтайтын 100 құрылғы сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД басшысы Серік Әубәкіровтің айтуынша, бұл бастаманы ТЖД қызметкерлерінің өздері көтерген. Қалалық комиссия ұсынысты қолдады. Ендігі кезекте аудан әкімдеріне осындай құрылғыларды әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне орнатуға тапсырма берілді.

«ТЖД қызметкерлері бір күндік жалақысын иісті газды анықтайтын 100 құрылғы сатып алуға аударды. Өткен демалыста мамандар 12 мың үйді аралап шыққан. Жалпы екі аптада 23 үйдің қауіпсіздігі тексерілді», - деді Серік Әубәкіров.

Оның айтуынша, қазір иісті газдан қорғайтын құрылғылар 136 үйге орнатылған.

Бір құрылғы 6 мың теңге тұрады. ТЖД қызметкерлерінен 600 мың теңге жиналған.

Соңғы жаңалықтар