#ЖақсылықЖаса: Көкшетаулықтар мұқтаж жандарға көмек қолын созды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетаулықтар #ЖақсылықЖаса эстафетасы шеңберінде мұқтаж жандарға көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акция аясында Көкшетау қаласындағы бірқатар кәсіпорынның жұмысшылары, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға азық-түлік және көмір алып беріп жатыр. Алайда, жомарт жандар істеген игілікті ісі туралы айтуға онша құлықты емес.

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Арғын Азаров ҚазАқпарат тілшісіне Астанада болған оқиға көңіліне қатты әсер еткенін айтты.

«Станционный кентінде тұратын 5 балалы отбасына көмектестім. Бұл отбасы барак тәрізді пешпен жылытылатын 2 бөлмелі үйде тұрады. Келіншек жұмыс істемейді. Мен оларға азық-түлік және көмір алып бердім. Бұл отбасы әзірге көпбалалы отбасына жатпайды. Өйткені, соңғы балалары әлі тіркелмеген. Тек мекенжай бойынша әлеуметтік көмек қана алады», - дейді Арғы Аузаров.#ДелайДобро. Акмолинские предприятия и депутаты помогают нуждающимся семьям

Депутаттың айтуынша, аталмыш отбасы туралы алғаш рет мектеп директорынан естіп білген. Кейін балаларының мектепке баруына көмектесіп, көмір сатып әперген.

Қайырымды іске «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС тарапынан кәсіпорынның заңгері Нұрлан Исмайылов пен жабдықтаушысы Жанат Жақсылықов атсалысып отыр.

«Біз «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС басшысы Әсен Жақсылықовтың тапсырмасымен қалалық әкімдіктен мұқтаж жандардың тізімін алып, екі отбасына азық-түлік апардық», - дейді Нұрлан Исмайылов.

Сыйлық алған ананың қуанышында шек жоқ. Бір қарағанда кішкентай ғана көмек сияқты көрінгенімен, мұқтаж жандар үшін бұл - үлкен демеу әрі қуаныш. Сондықтан, алдағы уақытта да мұндай игі іс жалғасын таба бермек.

«Бұл отбасында жеті бала бар. Анасы жұмыс істемейді. Балалардың жәрдемақысына күн көріп отыр. Тұрып жатқан баспанасы да уақытша, жалдамалы. Екінші отбасыда жалғызбасты келіншек төрт баланы өсіріп, тәрбиелеп жатыр. Отағасы қайтыс болған. Бұл отбасы да жалдамалы пәтерде тұрып жатыр», - дейді Нұрлан Исмайылов.

Сонымен қатар, өңірдегі ең ірі салық төлеуші компания «Көкшетау минералды сулары» АҚ тарапынан кәсіпорынның PR-менеджері Константин Ласкажевский де аталмыш акцияға үлес қосуда.

«Біз кішкентай 4 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға көмектестік. Бұл отбасы пәтер жалдап тұрады. Енді біз бұл отбасының баспана мәселесін шешуге көмектесетін боламыз» , - дейді К.Ласкажевский.

Айта кетейік, #ЖақсылықЖаса акциясы бүкіл Қазақстан аумағын қамтыды. Акция барысында кәсіпкерлер мен қарапайым адамдар мұқтаж отбасыларына азық-түлік үлестіру, аязда жолда тұрған жолаушыларды қажетті жеріне тегін жеткізу, ыстық тамақпен қамту сияқты қайырымдылық көмек көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар