+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

#ЖақсылықЖаса: Ізгі бастаманы іліп әкеткен ел жастары қатарластарына үлгі көрсетуде

2019 жылғы 8 ақпан 09:56
Бөлісіңіз:
#ЖақсылықЖаса: Ізгі бастаманы іліп әкеткен ел жастары қатарластарына үлгі көрсетуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі «Жақсылық жаса» акциясына Қазақстанның бүкіл өңірінің жастары белсенді түрде атсалыса бастады. Жастардың бір бөлігі көпбалалы отбасыларға арнайы шот ашса, кейбірі тұрмысы төмен отбасыларға көмір түсіріп, азық-түлік, киім-кешек әперіп, көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, #ЖақсылықЖаса акциясы жан-жақты сипат алып, қазақстандықтар бір-біріне қолұшын созып жатқанын кеше хабарлаған едік. Айналасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар жақсылық жасаумен бірге осы үрдіске өзге адамдарды да атсалысуға шақырып жатыр. Ізгі бастамаға шақырған азаматтар Фейсбук немесе Инстаграмда өз жазбаларын #ЖақсылықЖаса немесе #ДелайДобро хэштегімен таратуда.

#ЖақсылықЖаса акциясына күні кеше Өскемен қаласының тұрғындары да үн қосты.

«Күні кеше төрт баласымен қақаған қыста далада қалған Әйгерім есімді Өскемен қаласының тұрғыны туралы айтқан болатынбыз. Әлеуметтік желіде ол кісі туралы ақпарат тарағаннан кейін көптеген ағайын киім-кешекпен, азық-түлікпен, қаражатпен көмектесіп жатыр. Баршаңызға рахмет», - деп жазады Қанат Оралбек есімді Өскемен қаласының тұрғыны.

Қанат Оралбектің айтуынша, Әйгерім банктен есепшот ашқан. Осылайша, жалғызбасты анаға қамқорлық танытуға ниет білдірген азаматтар Әйгерімнің шотына ақша жолдай алады.

«Әйгерім қазіргі уақытта біреудің ауласындағы уақытша баспананы жалдап тұрып жатыр. Жалғызбасты екі ананың туған сіңілісі де сол тамда тұрады. Ол кісінің жары қайтыс болып, үш баласымен Әйгеріммен бірге тұрып жатыр. Сонда жалғызбасты екі ана жеті баламен бірге турасын айтқанда өлместің күйін кешуде. Қолдан келген көмектеріңіз болса, аямаңыздар», - деді Қанат Оралбек.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Әйгерімге көмек қолын созуға асыққан азаматтар баршылық. Жалғызбасты екі анаға көмектесемін дегендер мына сілтемеге өтіп, Әйгерімнің шотына ақша аудара алады.

Батыс Қазақстан облысының жастары да акцияға белсене атсалысып, қарттардың үйіне барып, қолдарынан келген көмектерін беруде. Ақжайық жастары атты Инстаграм парақшасының жазуынша, бір топ жас қарттардың үйінде барып, отынын жарып, үйлерін тазалап берген.

null

Батыс Қазақстанда Шыңғырлау ауданының жастары да бастамадан тыс қалмапты. Тоңғандарға ыстық шай беріп, көшедегі қоқысты тазалап, қарттардың есік алдындағы қарын күреген олар үлкендердің батасын алуда.

null

Көкшетаулықтар да ізгі бастаманы іліп әкетті. Нақтырақ айтқанда, #ЖақсылықЖаса акциясына қатысушылар көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратуда.

«Жақсылық жасасаң, ол жақсылық саған міндетті түрде айналып келеді. Қалалық мәслихаттың депутаты Руслан Мәкішев #ЖақсылықЖаса акциясына қатысуда. Сонымен бірге, облыс орталығының бірқатар кәсіпорындарының қызметкерлері көпбалалы отбасыларға азық-түлік алып беріп, кейбіріне көмір түсіріп берді», - делінген kokshetausaiasat Инстаграм парақшасында.

null

Ал Аягөз Бегалықызы есімді желі қолданушысы өз жазбасын сүйінші сұраудан бастады.

«Сүйінші ағайын! 13 жасар Ағабек темір-терсек жинап, өзінің отбасын ауру шешесімен шиеттей 4 қарындасын асырап жүрген. Үйлі болды. Бүгін құжаттарды толық рәсімдеп біттік. Ағабекке бүкіл Шымкент қаласының тұрғындары, Қазақстанның түпкір-түкпірінен, басқа да мемлекеттерден Корея, Израиль, Өзбекстан, Германия, Ресейден, әлеуметтік желі арқылы 7 млн теңге жиналды. Осы іспен қарапайым Шымкент қаласының еріктілері айналысты. Ертең сағат 10-да Ағабек отбасымен жаңа қонысына көшіріліп, дастархан жайылады», - деп жазады Аягөз Бегалықызы.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT