#Жақсылықжаса: Еріктілер шала туған балаларға шұлық тоқиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «28 жіп» қайырымдылық қорының еріктілері 2 айда 200 жүн шұлық тоқып үлгереді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қордың құрылтайшысы Карла Нұр айтып берді.

Мұндай ұйым әлемнің 8 мемлекетінде бар. Ал Қазақстанда 15 қалада таралған.

Карла Нұрдың айтуынша, бұл ұйым 2012 жылы құрылған. Алғашында шамамен 30 адам шала туған балалардың аяғына тоңбас үшін жүн шұлық тоқумен айналыса бастаған. Шұлықтардың алғашқы тоқу схемасы 28 жіптен тұратындықтан, клуб атауы «28 жіп» деп аталған.null

Қазір қор демеушілердің көмегімен жұмыс істеп тұр.

«Мен тоқу білмейтінмін. Бірақ алға мақсат қойса, адам кез-келген нәрсеге қол жеткізе алады. Егер де сенің көмегің мұқтаж адамдардың кәдесіне жарап жатса, тіпті бірден үйреніп алуға болады. Ниет болса болды. Адам тоқымаға бір үйреніп алса, тастай алмайды. Еріктілердің әрқайсысы өз үйінен жіп пен сымын алып келеді», - деді Карла Нұр.null

Ресми деректерге сенсек, Қазақстанда 500 мыңға жуық бала туады. Олардың 4-12%-ы шала туылып қалады. Олардың көпшілігінің салмағы 1 келіден сәл асады.

Клубтың еріктілері келіншектер аптасына бір бас қосып, тоқыма тоқумен айналысады.

Сонымен қатар, түзету колоннияларында отырған әйелдерге шеберлік сағаттары өткізіліп тұрады.

Еріктілер екі айда 50-200 зат тоқып үлгереді.

«28 жіп» үйлестірушісі Зинат Абдрахманова бұл клубқа кездейсоқ келген адамдардың бірі. Клуб туралы ақпаратты әлеуметтік желіден көрген.

«Менің екі балам, үш немерем бар. Клубқа кездейсоқ келдім. Интернеттен қайырымдылық қоры туралы ақпарат іздеп жүріп осы қорға келдім. 2015 жылдан бері осындамын. Қазір клубсыз өмір сүруді елестете алмаймын», - деді Зинат Абдрахманова.null null

Бүгінде 30 ерікті қаладағы барлық перинаталды орталықтарды, перзентханалардың реанимацияларын тоқылған шұлықтармен қамтамасыз етеді.

«Тоқылған шұлықтар баланы емдейді. Шала туған баланың аяқтарындағы жүйке талшықтарын тітіркендіріп, олардың жұмыс жасауына ықпал етеді», - деді үйлестіруші. #Жақсылықжаса: «28 жіп» еріктілері шала туған балаларға 200 жүн шұлық тоқиды.

null null

Соңғы жаңалықтар