#Жақсылық жаса: Жаңақорғандықтар ауылдасына үй салып берді

None
None
ЖАҢАҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Қыркеңсе ауылдық окурігінің тұрғындары тұрмысы төмен отбасына жаңа баспана салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыркеңсе ауылында тұратын Хайрынса Қалиеваның тұратын баспанасы осыдан жарты ғасырдай бұрын салынған. Апаттық күйге түскен үй тұруға жарамсыз болып қалған. Бұл отбасының баспана қиындығын көріп отырғанын көрген жергілікті тұрғындар қайырымдылық ісін атқарды. Көпшілік ортақ қолдау көрсетіп, оған баспана салып беруге атсалысты. Былтыр сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталды. Аталмыш баспананың бой көтеруіне Ислам Боранбаев, Құрманғазы Ақбалаев, Орынбасар Әбуов сынды азаматтар қаржылай және материалдық көмек көрсетті.

«Хайрынса Қалиеваның үйді қайта салуға жағдайы жоқ еді. Өзі жұмыссыз, күйеуі жоқ. Осылайша ауыл тұрғындарының ауызбірлігі арқасында қайырымдылық ісі жасалды. Ел ағалары Төлеген Құрманов, Жолдасбек Рашев, Көпжасар Жантелеев қолдан келген көмектерін аяған жоқ», - дейді Қыркеңсе ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтасын Төлепбергенов.

Соңғы жаңалықтар