#Жақсылық жаса: ШҚО-да 5 балалы анаға үш бөлмелі үй берілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында қайырымдылық қоры жалғыз басты анаға баспана сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Харекет» қайырымдылық қоры осымен алпыс сегізінші мұқтаж отбасыға пәтер сыйлап отыр. Бұл жолы ондай бақытқа Жарма ауданының Қалбатау ауылында тұратын жалғызбасты ана Жанар Тұрсынбекқызы ие болды. null

«Несін жасырайын? Осыған дейін бес балаға төленетін 10500 теңгенің жеңілдіқ ақшасын пәтер жалдауға жұмсап келген едім. Жалғыз менің табысым олардың ішіп-жемі мен киім-кешегінен аспайтын. Жазда тіпті жалдап тұратын үй таппай қалған да кездеріміз болды. Сол кезде жылап-еңіреп жүргенімізді «Харекет» қорының өкілдері көріп, қайырымды жандарға үндеу тастаған болатын. Алты айдың ішінде қаражат жиналып, бүгін үйге кіріп отырмыз. Үй жылы екен. Бес баланың үлкені студент. Практикасына төлеген ақшаға 1 тонна көмір әкелді. Әзірге сонымен амалдаймыз. Қуанышымызда шек жоқ. Көмек қолын созған жомарт жандарға, «Харекет» қорына балаларымның атынан алғыс айтамын» - дейді Жанар Тұрсынбекқызы. null

Бес балалы ананың қуанышына әкімдік қызметкерлері мен қор өкілдері ортақтасып, пәтер кілтін табыстау рәсімін салтанатты түрде өткізді. Аудан оратлығынан берілген үй үш бөлмелі, пешпен жылытылады.

Шарада сөз алған қайырымдылық қордың өкілі Шынар Сыдықова қайырымдылық шаралар әлі де жалғасын табатынын атады.

null

Соңғы жаңалықтар