#Жақсылық жаса: Семейлік жастар көпбалалы аналарға көмектесті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейлік жастар төтенше жағдай мамандарымен бірге 200-ден аса жеке тұрғын үйді аралады. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалада ауа температурасы -34 градус аяз. Осыған орай Жастар ресурстық орталығының өкілдері төтеншеліктермен бірлесіп рейдке шықты. Қызметкерлер мен жастар бірнеше сағат ішінде 200-ден астам отбасын аралады. Өрт сөндірушілер жылыту пештерінің дұрыстығын тексерсе, ерікті жастар көпбалалы отбасылар мен жалғыз басты зейнеткерлерге қандай көмек қажеттігін анықтады.​

«Рейд барысында көпбалалы отбасыларға баса назар аударылды.
Олар негізінен ауладағы қарды тазалауға көмек сұрады.Тұрғындардың барлық өтініштерін тіркеп алдық. Бұл бағыттағы жұмыс қыс мезгілінің соңына дейін жалғасады», - деді қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Олжас Соғымбай.

Арнайы көліктермен аулаларды аралаған төтенше жағдай мамандары қала тұрғындарына өртке қарсы шараларды сақтап, балаларды үйде жалғыз қалдырмауды ескертті.

Соңғы жаңалықтар