#Жақсылық жаса: Семейде 170 көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде арнайы құрылған мобильді топ мүшелері қаладағы көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Мобильді топтар көпбалалы отбасылардың әлеуметтік мəселелерін шешу үшін арнайы құрылған. Жəрдемдесуші топ құрамына депутаттар, бюджеттік сала, мəдениет саласының қызметкерлері, дәрігерлер, кәсіпкерлер, ұстаздар жəне қала тұрғындары кіреді.

Топ мүшелері бүгінгі күні 170 көпбалалы отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіп үлгерген. Бірінші кезекте азық-түлікпен, содан кейін көмірмен қамтамасыз еткен.

«Семейде атаулы əлеуметтік көмек көрсетілетін 221 көпбалалы отбасы тұрады. Осы отбасылардың барлығына мобильді топтар бөлініп жіберілді. Материалдық көмектен басқа əлеуметтік және құқықтық көмек көрсетілуде. Түрлі мəселелерін шешуге көмектесіп, барлық өтініштерін қабылдап, шешу жолдарын қарастырып, қажет болса құзырлы органға тапсырамыз. Сонымен қатар, шараға қала тұрғындары да белсенділік танытып, көмектесіп жатыр",- деді Семей қалалық Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Нұржан Есенжолов.

null

Соңғы жаңалықтар