#Жақсылық жаса: Мүгедек жанға қолғабыс еткен автобус жүргізушісі танымал болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өзінің қайырымдылығымен Қазнет қолданушыларын қуантқан автобус жүргізушісі Ербол Омаров өзі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде таралған ақпаратта №115 автобус жүргізушісі аялдамада күтіп тұрған арбадағы жолаушыны көтеріп кіргізіп, арнайы орынға отырғызған. Аялдамаға жеткен соң ол көлікті тоқтатып, мүмкіндігі шектеулі жолаушыны өзі түсіріп жіберген.

Оның бұл әрекеті көпшіліктің ризашылығын туғызды. Көп адам бұл процесті видеоға түсіріп алып, арнайы пабликтерге жариялап жіберді.

Ербол Омаров 19 жылдан бері көлік жүргізіп келеді. Соңғы рет ол қалалық №115 автобусты тізгіндеген.null

Оның әкесінің де мамандығы жүргізуші екен.

«Үлкен автобустар, қозғалтқыштар, техника мені бұрыннан қызықтырады. Балық аулағанды ұнатамын. Мұқтаж адамға көмектесу әр адамның міндеті деп ойлаймын», - деді Е.Омаров.

«Жүргізуші аялдамада автобус күтіп тұрған мүмкіндігі шектеулі адамға көмектескен. Автобустан түсіп, жолаушыны салонға кіргізіп, арнайы орынға отырғызған. Барлық талап етілетін қызметін орындаған. Бірақ, ол өзінің танымал болып кеткеніне ыңғайсыз болып жүр. Оның орнында кез-келген жүргізуші осылай етер еді деп ойлаймыз», - деді «Алматыэлектротранс» компаниясын өкілдері.

Жұмыс берушінің айтуынша, Ербол қызмет барысында бір де бір ескерту алмаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Добрый день! Вчера ехала на 115м маршруте очень добрый водитель помог инвалиду, увидел на остановке просившейся человека в инвалидном коляске в автобус, выбежал занес его закрепил возле спецального места для инвалидов его потом когда тому парню надо было выйти он опять таки так это все сделал красиво без нервов и злобы, ни как сейчас многие водилы нервные.просто не давно мужчину хвалили с маршрута и я решила скинуть вам чтоб люди знали хороших водителей 😊

Публикация от Алматы | Almaty 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) 10 Фев 2019 в 8:21 PST

Соңғы жаңалықтар