#Жақсылық жаса: Мейірімділер клубы науқас балалардың арманын 15 минут ішінде орындап жүр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы мейірімділер клубы 3 жылда ауқымды қайырымдылық шараларын жүзеге асырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мұндай акциялардың бірі «Сиқыршы» деп аталады.

«Еріктілер науқас балалардың қалың білуге барып арман-тілектерін тыңдайды. Сосын баланың арманы туралы жазба жарияланады. Ал желі қолданушылары небәрі 10-15 минут ішінде сұраған нәрсесін алып береді. Бұл ғажайып нәрсе десек те болады», - деді «Алматы мейірімділер клубының» жетекшісі Мәдина Мырзахметова.

3 жылда мейірімділер клубы бірқатар қайырымдылық шараларын өткізген. Алматыда белсенді 70 ерікті бар. Олардың мамандығы, қоғамдық мәртебесі әртүрлі.

«Айына бір рет мұқтаж отбасыларға азық-түлік, заттар апарамыз. Бізде әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың тізімі бар. Еріктілер тобы жиналған қаражатқа азық-түлік, зат сатып алып барлық отбасыға таратады», - деді Мәдина Мырзахметова

Сонымен қатар, клуб мүшелері жұма күні сайын тегін нан таратады. Әр апта сайын акцияға қосылатын дүкендер саны артпаса, кемімейді.

Одан бөлек мереке күндері мен демалыс күндері еріктілер шалғайда орналасқан балалар үйінде жұмыс жасайды.

Балалар қаланың көрікті жерлеріне, ойын-сауық орталықтарында уақыт өткізеді.

Тамыз соңында отбасылардың патронажында тәрбиеленіп отырған балалар мектеп құралдарымен қамтылады. 2018 жылы 700 аса балаға көмек берілді.

Сондай-ақ клуб еріктілері акциялардан жиналған қаражатты иесіз жануарларды қорғау ұйымдарына аударады.

«Жүректі толқытатын оқиғалар көп. Күнде бір мұқтаж адамның қажетіне жараймыз. Алғысын аламыз. Егер Қазақстанда осындай адамдар көп болса, балалар бақытты болар еді, қартайғанда қариялар жалғыз қалмас еді»,- деді Мәдина Мырзахметова.

Соңғы жаңалықтар