#Жақсылық жаса: Мектеп түлектері мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мектеп түлектері мұқтаж отбасыларға қолұшын созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ширмединұлының мәлім еткеніндей, Қадыр Мырзалиев атындағы 11-сынып оқушылары аудан орталығы Жымпиты ауылында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен үш отбасына бір айлық азық-түлік алып берді.
Олар осылайша мектеп бітіру кешіне жоспарланған қаржының едәуір бөлігін қайырымдылық мақсатына жұмсады.
Сонымен қатар, оқушылар көмекке мұқтаж қариялардың қонысына барып, олардың үйлері мен аулаларын тазалауға да уақыт тапты.
Аталмыш мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ербол Дауыловтың айтуынша, қайырымдылық бастамасын түлектердің өздері көтерген. Олар қасиетті Рамазан айында тойдың мәзіріндей аста-төк дастархан жайып, ысырап жасағысы келмеді.
«Түлектердің ұсынысын мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті қолдады. Сынып жетекшілері Жансая Есенғалиева, Гүлдана Нұғманованың қолдауымен «Қайырымдылық керуені» шарасы аясында жалдамалы пәтерде тұратын, мектеп жасындағы балалары бар отбасылар қамтылды. Түлектер кеші мектепте қарапайым түрде аталып өтілетін болады», - деді Е.Дауылов.
- Оралда тұрғын үйде өрт болып, 10 адам эвакуацияланды
- БҚО-да жол апатынан жүргізуші қаза тапты
- БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- Атыраулық волонтерлер үздіктер қатарынан көрінді
-
БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді
-
БҚО-да тағы бір оқушы асылып қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам