#Жақсылық жаса: ХҚКО қызметкерлері науқастар үшін қан тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының 200-ге жуық қызметкерінің онконауқастарды қолдау мақсатында «Қан тапсырып, үміт сыйла» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір адам донор болуға және біреулерге өмір сыйлауға қабілетті. Осы күнге дейін қан құю - адам өмірін алып қалудағы мүмкіндіктің бірі екені белгілі. Өзгелердің өмірін құтқару үшін қанын ақысыз тапсырған адамның ісі құптарлық әрекет. Сондықтан барлық әріптестеріме акцияға қолдау көрсеткені және атсалысқаны үшін алғыс айтамын. Акция барысында жиналған барлық қан қала ауруханаларындағы ауыр науқастарды, оның ішінде онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталатын болады», - дейді мемлекеттік корпорацияның Алматы қаласы бойынша филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.
null

Ауру айтып келмейтіні белгілі. Адам денсаулығы нашарлағанда оның тез сауығып кетуі құйылатын қан сапасына, оның компоненттеріне және қан тобы сай келетін донордың дереу табылуына байланысты.

«Бүгінде Алматының қан орталығы 20-дан астам медициналық ұйымға қызмет көрсетеді. Жылына 6-7 мың науқасқа, оның ішінде 1000-нан астам балаға біздің орталықтан қан компоненттері беріледі. Сондықтан Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының бастамасын біз үлкен қуанышпен қарсы алдық. Әртүрлі патологиясы бар пациенттерді емдеу үшін ауруханалардың қан препараттарына қажеттілігі әрдайым туындап отырады. Өкінішке қарай, онкологиялық науқас балалар күн сайын қанға мұқтаж. Сондықтан бірінші кезекте жиналған қан №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының кішкентай пациенттеріне жіберіледі. Сондай-ақ №7 қалалық клиникалық аурухананың онкогематологиялық науқастарын емдеуге беріледі»,-деді Алматы қаласы қан орталығының директоры Жандос Нәдіров.
null

Айта кету керек, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жыл сайын қан өткізіп тұрады. Қызметкерлер арасында құрметті донорлар да бар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алмалы фронт-кеңсесінің қызметкері Динара Тұрғалиева соңғы он жылда 57 рет қан тапсырды, бұл - 25 литр қан. Қан орталығы оны «Сенімді донор» номинациясымен марапаттаған.
null

«Денімнің саулығы маған өзге жандарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Донорлықтың материалдық тұсы мені мүлде қызықтырмайды. Қаным адамның өмірін аман алып қалуға көмектескені туралы алғыс жазылған хабарламалар келгенде қуанышқа бөленемін»,- дейді Динара.

null null null null

Соңғы жаңалықтар