#Жақсылық жаса: Ақтөбелік кәсіпкер бес отбасыға пәтер сыйлады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкер Амангелді Мәйтеков 5 отбасыға пәтер сыйлап, тағы 20 отбасының баспаналы болуы үшін алғашқы жарна аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбедегі Жұбановтар әлемі орталығын салған Мәйтековтер отбасы көпбалалы аналарға қуаныш сыйлады. Барлығы бес отбасы 1 және 2 бөлмелі пәтерге ие болды. Олардың арасында көпбалалы, мүгедек бала бағып отырғандар мен жалғызбасты ана бар. Сонымен қатар шілде айынан басталатын «Бақытты отбасы» жобасының алғашқы қатысушы 20 отбасыға 500 мың теңгенің сертификатын сыйлады. Бұл отбасылар алған қаражатын пәтердің алғашқы жарнасына жұмсайтын болады.

Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, баспаналы болған азаматтарды құттықтады. Қайырымдылық жасаған кәсіпкер азаматқа алғысын білдірді.
null

«Облыс бойынша 30 мың адам баспана кезегінде тұрса, олардың ішінде 23 500-і Ақтөбе қаласында. Бұл мәселе бірден шешілмейді, бірақ тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз ең алдымен аса мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз. Осы жылдың өзінде облыста 1 млн шаршы метрден аса тұрғын үй салынады, бұл дегеніңіз 8 мыңнан аса пәтер. Олардың жартысы мемлекеттің қолдауының арқасында аз қамтылған отбасыларға тиімді шарттармен берілетін болады. Демеушілердің берген қаржысына 2-3 азаматқа пәтер алуға да болады. Алайда, сол қаржыны 20-30 адамға алғашқы жарна ретінде берген тиімді болып отыр. Өйткені, олар жалдамалы пәтерге төлейтін қаражатты енді өз меншігінде қалатын баспанасы үшін төлейді. Өткір мәселе осылай жүйелі түрде шешіліп келеді», - деді облыс басшысы.
null

Қайырымдылық шара Халық әртісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері әнші Нұрлан Абдуллиннің концертімен жалғасты. Концерт билетінен түскен қаржы түгелдей түрлі әлеуметтік топтағы азаматтарға беріледі.

null

Соңғы жаңалықтар