+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

#Жақсылық жаса: Ақтөбелік 8 баласы бар отбасыға пәтер сыйлады

2019 жылғы 14 ақпан 19:51
Бөлісіңіз:
#Жақсылық жаса: Ақтөбелік 8 баласы бар отбасыға пәтер сыйлады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбеқұрылысэксперт» компаниясының директоры Жасталап Жанбауов 8 баласы бар Сәдуовтер отбасының тұрғын үй мәселесін шешіп берді.
null

47 жастағы «Алтын алқа» иегері Салтанат Сәдуованың айтуынша, сегіз баланың екеуі мүгедек. Отағасы ІІ топ мүгедегі. Отбасы бірнеше жыл бұрын Әйтеке би ауданынан Ақтөбе қаласына көшіп келді. Қалада 4 жылдан бері пәтер жалдап жүр.
null

«Осы қуанышты сәтті біз төрт жыл күттік. Міне, қамқор жандардың, облыс басшылығының арқасында біздің өз пәтеріміз бар. Жасталап Жанбауов - жерлесім, өзі де көп балалы отбасында өсті. Көмегі мен қамқоры үшін алғыс айтамын», - деді Салтанат Сәдуова.
null
null

Кәсіпкер пәтер келтін табыс етіп, Сәдуовтар отбасына пәтерін көрсетті.

«Қайырымды істен ешкім тыс қалмауы керек. Біздер, кәсіпкерлер мұқтаж жандарға қолдан келген көмігімізді аямағанымыз жөн. Бизнес өкідері бұл бастамаға қолдау көрсетіп, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді деп сенемін. Әріптестерім, бірнеше құрылыс компанияларының басшылары да көмек қолын созуға әзір. Кәсіпкерлерді өз үлестерін қосуға шақырамыз»,- деді Ж.Жанбауов.
null

Еске сала кетейік, Ақтөбе кәсіпкерлері мен шенеуніктер бір айлық жалақыларын мұқтаж отбасыларға аударған еді.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT