#Жақсылық жаса: Ақтөбеде өрт сөндіру құралдары таратылып, мұржалар тазартылып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар қызметі тегін өрт сөндіру құралдарын таратып, үйлердің мұржаларын тазартып жатыр. Қайырымдылық акциясына арнайы мекемелер көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті республикалық «Жақсылық жаса» акциясына қатысып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметіне өрт сөндіру құралдары мен дабыл құрылғысын осы саладағы кәсіпкерлер алып берген. Қызметкерлердің өзі де қайырымдылық акциясына қаржы жинап, азық-түлік пен балаларға сый дайындады.null

«Барлығы 45 отбасыға өрт сөндіру құралы сатып алынып, 35 отбасыға дабыл жүйесі қондырылды. Сонымен қатар, пештің алдына темір төсеніш қағылып, мұржалары тазартылды. Ал «Үміт» сәбилер үйіне арнайы өрт сөндіру құрал-жабдығы сыйға берілді. Облыс бойынша 8 мыңнан астам үйдің тұрғындарына нұсқау беріліп, оларға ақпараттық хабарлама таратылды. Акцияға азаматтық қорғау органдарының 454 қызметкері мен департамент аппаратының және өрт сөндіру қызметінің әскери қызметшілері тартылды.Полиция бөлімдерінің қызметкерлері, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет, өрт сөндіру бекеттерінің өкілдері, коммуналдық мекеме жұмысшылары, «Жас Отан» Жастар қанатының, Жастар ресурстық орталығының, «Қызыл Ай» қоғамының волонтерлері қатысты», - деп хабарлады Ақтөбе облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы.

null null Қазіргі кезде бау-бақша ұжымдарындағы үйлер мен ауылдарда түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Тағы 50 дабыл жүйесін қондыру жоспарда бар. Оқушылар арасында «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі. Өрт кезіндегі тәртіп ережелері» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді. Акция 5-наурызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар