#Жақсылық жаса: Ақмолалық полицейлер көпбалалы отбасына көмек көрсетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының полицейлері көпбалалы отбасына көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, тәртіп сақшылары Зеренді ауданындағы Ивановка ауылының тұрғыны Гүлнәр Мұқанованың үйінде болды. Гүлнәр жалғыз өзі 4 баланы тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Мұхамат 11 жаста 5-сынып оқыса, кіші ұлы 4-те. Ал, қыздары Хадиджа мен Фируза 10 және 8 жаста. Қазіргі таңда көпбалалы ана жұмыссыз, сондықтан көмекке мұқтаж.

Гүлнәрдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын ести салысымен полиция қызметкерлері оған қиын кезеңде материалдық көмек көрсетуді шешкен. Тәртіп сақшылары қажетті азық-түлік, төсек жабдықтары және балалар киімін сатып әперген.

«Бұл отбасына көмектесу туралы бастаманы біз бірден қолдадық. Айналасы бір тәуліктің ішінде ақша жинап, қажетті азық-түлік сатып әпердік. Біз мүмкіндігі бар азаматтарды мұқтаж отбасыларға көмектесуге шақырамыз», дейді жедел әрекет ету арнайы отрядының қызметкері, полиция лейтенанты Жаслан Жапаров.

Өз кезегінде көпбалалы ана Гүлнәр Мұқанова да қиын кезде көмек қолын созған полиция қызметкерлерінің атына аналық алғысын білдіруде.

Соңғы жаңалықтар