Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

#Жақсылық жаса: Ақмолалық кәсіпкер 6 баланың анасына пәтер сатып алып берді

2019 жылғы 11 сәуір 16:40 445
Бөлісіңіз:
#Жақсылық жаса: Ақмолалық кәсіпкер 6 баланың анасына пәтер сатып алып берді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Президенттің «Болашақ» бағдарламасының стипендианты, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы, Ақмола облысының  Қорғалжын ауданындағы кәсіпкер Дәлел Жүзбаев көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жастарды қолдау мемлекеттік саясатта басымдыққа ие - ҚР Президенті Белсенді жастар барша қазақстандық жас буынға үндеу жасады

Жас кәсіпкер өзінің қайырымдылық ісімен мақтанбайды. Керісінше, мұқтаж жандарға көмектесу кез-келген адамның парызы дейді. Сол себепті жыл сайын тұрмысы төмен отбасыларға көмектесіп тұрады.  Яғни, жас кәсіпкердің сөзінше, қайырымдылық жасау жыл сайынғы жасалатын «зекет» сияқты.

«Қорғалжын аудандық жастар ресурстық орталығына хабарластым. Ондағылар маған баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасын табуға көмектесті. Менің аталарым осында туып өскен. Атам Тың игеру кезінде еңбек етті. Кейін  2000 жылдары әкем екеуі ауданнан жер алып, өз кәсібін ашты. Кейін олар қайтыс болған соң, мен туған жеріме қайтып оралып, атам мен әкемнің бастаған ісін жалғастырмақ болдым», - дейді «Мирас-2000» ЖШС директоры  Дәлел Жүзбаев.
#Жақсылық жаса: Ақмолалық кәсіпкер 6 баланың анасына пәтер сатып алып берді

Баспаналы болған Бақытгүл Қауысова мен оның алты баласының қуанышында жек жоқ. Қорғалжын аудандық жастар ресурстық орталығының мәліметі бойынша, бұл отбасы Ақмола облысына Алматыдан келген және осы уақытқа дейін туысқандарының үйінде тұрып келген.

«Дәлел бізге келіп, көпбалалы отбасына көмектескісі келетін, яғни, пәтер сатып алып беретінін айтты. Мен көмек қажет ететін отбасын табуға көмектестім. Сондай-ақ, достарыммен жиһаз, теледидар алып бердік. Мен бұл отбасына бұған дейін де көмір сатып алуға көмектесіп тұрдым», - дейді Қорғалжын аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әсет Даңғылов.

Орталық мамандары Дәлел сияқты қайрымды жандардың жастар арасында үлгі-өнеге болатынын айтуда.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT