Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6-8 наурыз күндері Семей қаласында Олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған халықаралық турнирде 2000-2002 жылғы жас балуандар бақ сынамақ.

Балуандар 10 салмақтан, яғни 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97, 130 келіде мықтыларды анықтайтын болады.

Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған турнир жыл сайын өтеді. Былтыр бұл турнир Талдықорған қаласында өтті. Осы додада топ жарған балуандар әлемдік аренада өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 маусымда Қазақ КСР-дағы Жамбыл облысы, Свердлов ауданының «Чапаев» ауылында дүниеге келген. Ол Кеңес Одағының классикалық стильдегі күрес балуаны, ҚСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР-ның еркін күрес бойынша жеңімпазы. Сонымен бірге, Әлем чемпионы (1981), Әлем кубогының күміс жүлдегері (1980), Кеңес Одағының екі дүркін жеңімпазы (1975, 1980), КСРО біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы (1975, 1980).


Соңғы жаңалықтар