+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Жақсылық Үшкемпіровтің өмір жолы туралы кітап жарық көрді

2021 жылғы 10 маусым 02:18
Бөлісіңіз:
Жақсылық Үшкемпіровтің өмір жолы туралы кітап жарық көрді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің өмір жолы туралы жазылған «Біртуар-Уникальный» кітабы оқырманға жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Шоқан Уәлихановтың өмірі мен мұрасына арналған кітап таныстырылды Отандық кітаптардың 50 пайыздан астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған

Кітап авторы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» əдеби сыйлығының иегері Сəуле Досжанова. Ол бұл романда Жақсылық Үшкемпіровтің балалық шағынан аты аңызға айналған даңқты кезеңіне дейінгі ғибратты ғұмырын арқау еткен. Кітап Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрді.

Талдықорғандағы Салтанат сарайында өткен кітаптың тұсаукесеріне облыс əкімі Амандық Баталов, қоғам және мемлекет қайраткері, генерал-полковник Сəт Тоқпақбаев, кітап авторы, жазушы Сəуле Досжанова, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, Жақсылық Үшкемпіровтің жары Күлпан Мұқашқызы мен ұлдары Елдос пен Жеңіс, бірқатар танымал жаттықтырушылар мен белгілі спортшылар жəне өңірдегі зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Жақсылық Үшкемпіров барша қазақтың Жақсылығы еді, болмысы таза, білекті де, жүректі, бауырмашыл, қарапайым жан еді. Жақсылық ағамызбен мен көп жыл жақын араласып, дос болдым. Олимпиададағы жеңісті жолы, Елбасының қолынан Қазақстанның Еңбек Ері атағын алуы, ауыл шаруашылығында жемісті жұмыс істеп, өңір халқына мейірім-шапағатын тигізгені – осының бәрін біз жастарға үлгі етуіміз керек. Жазушы Сәуле Досжанның Жақсылық ағамыз туралы жазған кітабына қолдау жасап, бүгін тұсаукесерін өткізіп отырмыз. Жақсылық Үшкемпіровтің спорттағы жолын жалғайтын өрендерді тәрбиелеуге де бар жағдай жасап келеміз. Елбасының тапсырмасымен облыста 16 спорт кешенін салдық», - деп атап өтті А. Баталов.

Сол сияқты облыс әкімі танымал спортшының есімін облыстық балалар мен жасөспірімдер мектеп-интернат колледжіне беру жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT