Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Жақсылық Үшкемпіров: Қызметке кіріскен Президент ұлттық мүдде мен бірлікке үлкен мән беріп отыр

2019 жылғы 12 маусым 17:23 455
Бөлісіңіз:
 Жақсылық Үшкемпіров: Қызметке кіріскен Президент ұлттық мүдде мен бірлікке үлкен мән беріп отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірлігі мықты болған мемлекеттің ғана болашағы баянды. Бүгін, маусымның 12-сі Нұр-Сұлтан қаласында өткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміне байланысты пікір білдірген спорт ардагері, олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров осылай айтты. 

Ұқсас жаңалықтар
ҚХР Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты биыл Қытайға ресми сапармен келуге шақырды Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен кездесті

«Бүгін шынында да тарихи күн болып отыр. Сайлауда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты ақ киізге көтеріп, ұлықтадық. Өте жақсы рәсім жасалды. Соңынан Мемлекет басшысының сөзін тыңдадық. Одан не түйдік? Ең бірінші Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі төмендемейді деп ойлаймын, керісінше Тоқаевтың беделі арқылы ол артады. Ол кісі қазақтың ұлттық мүддесін әлемдік аренада да, басқа жерлерде де қорғайтынын мәлімдеді. Біз мықты мемлекет бола аламыз. Екіншіден, біздің жастарға үлкен үміт артылып отыр. Жастар - біздің келешегіміз. Осы ретте айтатыным қазақ елі - ешқашан ешкімнен кем болған емес. Оны сол деңгейде ұстап тұру жастардың қолында», - деді Жақсылық Үшкемпіров.

Оның айтуынша, ауызбіршілік болғанда ғана ұлт тұтастай табысқа жетеді. Өткен тарихтың өзінде де ауызбіршілігі болғанда қазақтың жағдайы мықты, мемлекеті қуатты болғанын көрсеткен.

«Екінші жағынан жастардың өздері де еңбеккер болуы керек. Мен олимпадаға чемипон болғаныма көп жастар қызығады, ал оған жетудің бірден бір жолы - еңбек. Соны ұмытпаса екен деймін. Бірақ, қалай болғанда да бірлік пен ынтымақ болмай, еліміз алға баса алмайды. Бірлігі мығым мемлекеттің болашағы да баянды», - деді Жақсылық Үшкемпіров.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT