Жақсылық Үшкемпіров Кеңсай зиратына жерленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық аға Үшкемпіровты ақтық сапарға аттандырдық. Ол Кеңсайға қойылды. Қаймана қазақты жатсынбай бауырына тартатын. Ұлтты бөлмей сүйетін. Қашан көрсең жарқылдап жүретін. Өзі айтқандай, Жақсылық ағамыздай бес мың жігіт болса, күллі қазақ ауылдарын дүркіретіп көтеруге болады. Аты жаман дерт талай асылымыздан айырды. Ендігі қалған жұртқа Алла амандық берсе екен. Мәңгілік мекенінде боз төбе болып қалды қайран ер! Бақұл болыңыз, Жақсылық аға!»,-деп жазды, Берік Уәли.


Соңғы жаңалықтар